Француз турының жекелеген кезеңдерінде жеңіске жету үшін арнайы дайындық барысында "Астана" командасы тағы бір атақты спортшы, Кавэндиштің серіктесі Марк Реншоуды шақырды.
Велокоманданың тағы бір көшбасшысы әрі капитаны Қазақстан чемпионы – өткен аптада республикалық спартакиадада жекелей және топтық жарыста жеңіске жеткен Алексей Луценко болмақ.
Марк пен Алексейден бөлек, Джанни Москон (Италия), Харольд Техада (Колумбия), Евгений Федоров (Қазақстан), Кейс Бол (Голландия), Давид де ла Крус (Испания) и Луис-Леон Санчес (Испания) сынға түседі.