Уимблдон: Тимофей Скатов тартысты матчта қарсыласына жол берді
Қазақстанның – екінші, әлемнің 138-ракеткасы, 22 жастағы Тимофей Скатов Уимблдонның іріктеу сайысында қарсыласына жол берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингіде 187-орында тұрған бельгиялық Киммер Коппеянспен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда тай-брейкте Т.Скатов басымдық танытты – 7:6 (7:3).
Екіншісінде 29 жастағы бельгиялық спортшы есе қайырды – 6:4.
Үшінші, шешуші сетте матч тағдыры тай-брейкте шешілді. Жеңіс тәжірибелі К.Коппеянстің еншісінде кетті – 7:6 (13:11).
Тартысты өткен бәсеке үш сағатқа жуық уақытқа созылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или