Рыбакина Ұлыбританиядағы турнирге қатыспайтын болды
Қазақстандық теннисші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Истборндағы (Ұлыбритания) турнирге қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) баспасөз қызметі хабарлады.
26 маусымда турнирдің бірінші нөмірі Рыбакина қытайлық <span>Ван Сиюй</span>мен (WTA рейтингінде 75-орын) кездесуі керек еді. Қазақстандықты Чехия өкілі Барбора Крейчикова алмастырады. Истборндағы турнир 25 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Уимблдон чемпионы атағын қорғайды, 3 шілдеде теннистен Ұлыбританияның ашық чемпионаты басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или