Зарина Дияс WTA рейтингісінде көтерілді

Қазақстандық теннисші қыз Зарина Дияс WTA жаңартылған рейтингісінде өз көрсеткішін жаңартты.

Зарина Дияс 1385 ұпаймен 34 орыннан 33-ке көтерілді. Отандасымыз Юлия Путинцева да 78-ші орыннан 77-ге жоғарылады. Қазақстандық тағы бір теннисші қыз Ярослава Шведова екі сатыға жоғарылап, 106-шы орынға жайғасты.

Айта кетейік, WTA рейтингінде америкалық теннисші қыз Серена Уильямс (11821 ұпай) бұрынғыша көш бастап тұр. Екінші орында ресейлік Мария Шарапова (6036), үштікте Симона Халеп бар (5546).

ATP жаңартылған рейтингінде ұлыбританиялық Энди Маррей үшінші орыннан екіншіге көтерілді, ол швейцариялық Роджер Федерердің алдына шықты. Рейтингте сербиялық Новак Джокович көш бастап тұр

Tengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или