Абель Санчес: «Головкинге «Канеломен» жекпе-жек өткізу маңыздырақ»

Абель Санчес: «Головкинге «Канеломен» жекпе-жек өткізу маңыздырақ»

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жегінің Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Коттомен кездесуіне қарағанда артығырақ екенін мәлімдеді.

«Меніңше, «Канеломен» жекпе-жек өткізу маңыздырақ. Оның жанкүйерлері көп. АҚШ-тың оңтүстік бөлігі үшін бұл үлкен оқиға болады. Егер «Канело» Коттоны ұрып жықса, онымен кездесуіміз маңыздырақ болды. Егер Котто «Канелоны» жеңсе де, «Канело» біз үшін маңыздырақ болады, себебі оның жекпе-жектерін көргісі келетіндер көп», - деп мәлімдеді Санчес.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Головкин-Лемье және Котто-Альварес жекпе-жектерінің жеңімпаздарының бір-бірімен кездесетінін айтқан болатын. "WBC қаулы етті, Котто - Альварес жеңімпазы Головкин - Лемье жекпе-жегінің жеңімпазымен төбелеседі», - деп мәлімдеді Леффлер.

Ал оның алдында Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сүлеймен орта салмақта WBC чемпионы Мигель Котто мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің арасындағы жекпе-жектің жеңімпазының осы салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпионы Геннадий Головкинмен кездесуге міндетті болатынын мәлімдеген еді. Ал Лемье жайлы мәселе қозғалған жоқ.

Массагет.кз сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или