Александр Бублик әлемнің 26-ракеткасы атанды

Александр Бублик әлемнің 26-ракеткасы атанды

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Галле (Германия) ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанған Александр Бублик 48-ден 26-орынға көтерілді.

Бұл оның рекордтық көрсеткіші болып табылады.

Тимофей Скатов - 138, Бейбіт Жұқаев - 239, Михаил Кукушкин - 259, Денис Евсеев - 320, Дмитрий Попко 343-сатыда тұр.

Жұптық сында Александр Недовесов 53-тен 51-ге жоғарыласа, Андрей Голубев 86-орында келеді.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина 3-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 50-ден 51-ге сырғыды. Аружан Сағындықова 1064-тен 1022-ге шығып, мыңдыққа жақындады.

Жұптық сында Анна Данилина - 24, Жібек Құламбаева 197-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или