Рыбакинаның Истборн турниріндегі қарсыласы анықталды

Рыбакинаның Истборн турниріндегі қарсыласы анықталды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакинаның Истборн (Ұлыбритания) WTA 500 турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Ұлыбритания ашық чемпионаты (Уимблдон) қарсаңында өтетін жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген.

Е.Рыбакина алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, дүниежүзілік рейтингте 75-орында тұрған қытайлық Сю Ванмен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева іріктеу сайысында ұлыбританиялық Хитер Уотсонға жол берді.

Жүлде қоры 780 637 АҚШ долларына бағаланған Истбурн додасы 26 маусым – 1 шілде аралығында өтеді.

Өткен жылы бұл жарыста Е.Рыбакина екінші, Ю.Путинцева үшінші айналымнан аса алмаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или