Жұқаев Истборндағы турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Истборндағы (Англия) турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз іріктеу кезеңінің финалында швейцариялық Марк-Андреа Хуслерге есе жіберді, есеп - 4:6, 3:6.
Айта кетейік, кездесу бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.
Жұқаев іріктеу кезеңінің бірінші айналымында британиялық Дэниел Литтлді жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или