Бублик ATP рейтингінде рекордтық орынға көтерілді
Бүгін Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик мансабында алғаш рет ATP 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол әлемдік рейтингте 7-орында тұрған ресейлік Андрей Рублевті жеңіп, мансабында екінші АТР титулын жеңіп алды.
Осы жеңісінен кейін Қазақстанның үздік теннисшісі 500 рейтингтік ұпайға ие болып, ATP рейтингінде бірден 21 сатыға көтеріледі.
Галледе (Германия) өткен турнирде жеңіске жеткенге дейін Бублик 48-орында тұрған. Енді жаңарған рейтингте ол 27-орынға жайғасады. Ол бұрын-соңды мұндай биікке көтерілген емес. Оның ең жақсы көрсеткіші 30-орын болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или