Гаттузо Сауд Арабиясының клубын жаттықтыруы мүмкін

Гаттузо Сауд Арабиясының клубын жаттықтыруы мүмкін

Дженнаро Гаттузо Сауд Арабиясы чемпионатындағы клубтардың бірінің бас бапкері болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz .

Дереккөздің хабарлауынша, 45 жастағы итальяндық маманға Сауд Арабиясының бірқатар аттары аталмаған лига командалары қызығушылық танытуда. Жақын арада маман қандай ұсынысты қабылдау керектігін шешеді.

Гаттузо қазір жұмыссыз. Оның соңғы клубы «Валенсия» болды, онда ол 2022 жылдың шілдесінен 2023 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істеді.

Бұған дейін итальяндық «Наполи», «Милан», «Пиза», «Палермо», «Сион» және ОФИ командаларын жаттықтырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или