Мейсон Маунт болашағы туралы шешім қабылдады

Мейсон Маунт болашағы туралы шешім қабылдады

«Челсидің» жартылай қорғаушысы Мейсон Маунт клубпен келісімшартын ұзартпайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдер Фабрицио Романо ақпараты бойынша, футболшы «Манчестер Юнайтедке» ауысқысы келеді. МЮ ойыншынының трансфері бойынша 2 ұсыныс жасаған.

«Манчестер Юнайтед» лондондықтарға үшінші және соңғы ұсынысын дайындап жатыр. «Юнайтед» футболшы үшін 50 миллион фунт пен бонус төлеуге дайын. 

24 жастағы жартылай қорғаушы өткен маусымда барлық турнирлерде 35 ойынға қатысып, 3 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Оның «Челсимен» келісімшарты 2024 жылдың маусымына дейін есептелген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или