«Әл-Хилал» «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысына қызығушылық танытып отыр
Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубы «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Бернарду Силваны сатып алғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі CBS Sports сайтына сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, «Әл-Хилал» ойыншыға бонустарды есептемегенде жылына 40 миллион фунт стерлинг (46,8 миллион еуро) жалақысы бар келісімшарт ұсынуға дайын. «Сити» 28 жастағы ойыншымен келісімшартты ұзартқысы келеді. Силваның өзі әлі болашағы туралы шешім қабылдаған жоқ.
Бұған дейін жартылай қорғаушыға ПСЖ мен «Барселона» қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын.
2022/23 маусымында Сильва 54 матч өткізіп, 7 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Оның келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 80 миллион еуроға бағалап отыр.