Азия бокс конфедерациясы IBA құрамынан шығу мәселесін талқылайды

Азия бокс конфедерациясы IBA құрамынан шығу мәселесін талқылайды

Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) шығып, Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мойындаған халықаралық федерацияға кіру мүмкіндігін талқылау үшін жиналады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін ХОК Атқарушы кеңесі IBA-ны тану құқығынан айыруды ұсынған, өйткені қауымдастық ХОК 2021 жылы желтоқсанда белгілеген мойындауды қайтару үшін қажетті шарттарды орындаған жоқ. 22 маусымда ХОК сессиясы IBA-ны ресми тану мәртебесінен айырды.

«Директорлар кеңесі Азия бокс конфедерациясының жарғысына қазіргі ерекше жағдайда жұмыс істеуге және Халықаралық Олимпиада комитеті мойындаған халықаралық федерацияға кіруге мүмкіндік беру үшін өзгеріс енгізу үшін кезектен тыс конгресс шақырады», - делінген ASBC хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или