Т.Леффлер: «Головкин – Лемье және Котто – Альварес жекпе-жектерінің жеңімпаздары рингте кездеседі»

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Головкин – Лемье және Котто – Альварес жекпе-жектерінің жеңімпаздары міндетті түрде бір-бірімен шаршы алаңда кездесетінін мәлімдеді.

«WBC Котто – Альварес кездесуінің жеңімпазы Головкин – Лемье жекпе-жегінің жеңімпазына қарсы жұдырықтасатыны туралы қаулы шығарды», - деп мәлімдеді Леффлер.

Сонымен қатар, бұдан бұрын Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман орта салмақта WBC чемпионы пуэрторикалық Мигель Котто мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы осы салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесу өткізуі міндетті екенін мәлімдеген болатын. Ол кезде Лемье туралы әңгіме болған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин – Лемье жекпе-жегі 17 қазан күні Нью-Йоркте өтеді. Кездесу ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы HBO телеарнасында трансляцияланады. Елімізде оны «Қазақстан» телеарнасы көрсетеді.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или