Еліміздің атақты спортшылары қазақстандықтарды халықаралық Олимпиада күнімен құттықтады

Еліміздің атақты спортшылары қазақстандықтарды халықаралық Олимпиада күнімен құттықтады
Астанада Халықаралық Олимпиада күні акциясы басталды – Триатлон саябағында спорт фестивалі өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 маусымда бүкіл әлемде олимпиадалық қозғалысты ілгерілету және спортты дәріптеу мақсатында Халықаралық Олимпиада күні атап өтіледі.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап спорттық іс-шаралар ұйымдастырды. Акция аясында түрлі ойындар мен эстафеталық жарыстар, брейк-дансерлердің қойылымдары және әртүрлі жастағы балалар арасында таэквондо мен каратэден сайыстар ұйымдастырылды.

Қазақстанның атақты спортшылары - 2012 жылы Лондондағы ойындардың Олимпиада чемпионы – боксшы Серік Сәпиев, бокстан 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит, бокстан әлем және Азия чемпионы Мерей Ақшалов жас спортшыларға шеберлік сабақтарын өткізді.

"Барша қазақстандықтарды Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтаймын! Мен осындай іс-шараға қатысып отырғаныма қуаныштымын, жас спортшылардың олимпиадалық спортқа қызығушылық танытып, чемпион болуға ұмтылғанын, еліміздің чемпиондарымен кездескісі келетінін көру біз үшін үлкен қуаныш. Менің ойымша, өскелең ұрпақ жыл өткен сайын спортқа бет бұрып келеді, "ұстаздан шәкірт озар" дейді емес пе?! Жас спортшылардың бізден озып, жүзден жүйрік атануы үшін барымызды саламыз! Спорт фестивалі өте жақсы өтті, өз басым жағымды әсер алдым! Осы қуанышты бізбен бөлісуге келгендеріңіз үшін рахмет. Мереке құтты болсын!",- деді Серік Сәпиев.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или