«Ордабасы» мен «Ақтөбенің» Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды

«Ордабасы» мен «Ақтөбенің» Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды

Ньонда (Швейцария) УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық клубтардың бұл турнирдегі қарсыластары белгілі болды. 

Шымкенттік «Ордабасы» іріктеу кезеңінде варшавалық «Легиямен» кездеседі.

«Торпедо» Кутаиси – «Сараево» кездесуінің жеңімпазы «Ақтөбемен» кездеседі.

Ал «Тобыл» (Қостанай) – Хонка (Финляндия) жұбының жеңімпазы швейцариялық «Базельмен» күш сынасады.

Ал «Астана» Чемпиондар лигасынан ұшып кетсе, Конференция лигасының екінші кезеңінде «Хамрун Спартанс» (Мальта) – Маккаби Хайфа (Израиль) жұбының жеңілгенімен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или