Басқа

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында екінші орын алды. Бұл әзірге Қытайдың Уси қаласында 17-22 маусымда өтетін құрлықтық чемпионаттағы жалғыз жүлде болып тұр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама шешуші белдесу жолында Филиппинді (45:37), Өзбекстанды (45:40) және Оңтүстік Кореяны (42:36) жеңді. Командалық семсерлесу жарысында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай күміс жүлдені жеңіп алды.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы, Азия чемпионаты, семсерлесу

Семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстанның атынан 19 спортшы қатысып жатыр. Турнир 22 маусымда аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0