Аманғали Бекболатов: «Біздің елде балуандарға жағдай жасалмаған»

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасының мүшесі, жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Аманғали Бекболатов «PROСПОРТ» тілшісіне сұхбат берді.

- Алдымен жеке өміріңіз туралы айта кетсеңіз. Қай жерде дүниеге келдіңіз, отбасыңыз туралы...

- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Қызылжар ауданында анашыммен тұрамын, ол мектепте қазақ тілі пәнінен дәріс береді. Отбасымда жалғыз баламын. Әкемнің өмірден қайтқанына 10 жылдан асты.

- Күреске қалай келдіңіз?

- Мектепте 8 сынып оқитын кезім, сабақ уақыты болатын, 10-ші қыркүйек күні алғаш рет жаттығуға бардым. Қызылжар ауданы Бишкүл ауылында күреспен айналыса бастадым. Алғашқы бапкерім - Нұрғожин Манап деген кісі. Басында менен балуан шығады дегенге сене қоймаған, сол себепті жаттығуға алмай қойғаны бар. 10 сыныпта оқып жүргенімде Қазақстан құрамасына шақырту алдым. Алайда 11 сыныпқа келгенде уақытша күресті тастауыға мәжбүр болдым. Кейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Манаш Қозыбаев атындағы жоғарғы оқу орнына түстім. Сөйтіп 2014 жылдың қыркүйек айында сүйікті спортыма қайта оралған жайым бар.

- Грек-рим күресінен қандай жетістіктеріңіз бар?

- Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болдым, бірнеше Халықаралық жарыстарда топ жардым. Биыл Жақсылық Үшкемпіров атындағы турнирде бас жүлде алдым және Қазақстан чемпионы атандым. Енді Әлем біріншілігіне дайындалып жатырмын.

- Жастар арасындағы Әлем чемпионатында қай белдесу сізге қиын түсті?

- Иран балуаны Реза Кедриге қарсы жартылай финалдық кездесу маған қиын болды. Қарсыласым екі мәрте Әлем және үш мәрте Азия чемпионы атағын алған. Бұл жолы да чемпион атанды.

- Қола жүлде үшін болған кездесуде украиндық Алексей Мацыкты 8:0 есебімен жеңдіңіз, сол жөнінде айта кетсеңіз?

- Ол жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың жүлдегері. Осал балуан емес. Дегенмен, Алланың шапағаты жауым, одан басым түстім.

- Алға қойған қандай мақсаттарыңыз бар? Жастар арасында Әлем чемпионатының жүлдегері атандыңыз, ендігі кезек?

- Алдағы мақсат – келесі жылы басқа салмаққа ауысып, Қазақстан чемпионы атансам. Содан кейін Франция елінде өтетін Әлем чемпионатында топ жарып, 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алсам деген мақсат бар.

- 50 келі салмақта қазіргі таңда сізге қарсылас кім?

- Қарсыластар көп әрі бірақ мықты. Аттарын атап, түстерін түстемей-ақ қояын.

- Күрестен басқа қандай спорт түріне қызығасыз?

- Үстел теннисі мен жекпе-жек қызықтырады.

- Күресте өзіңіз пір тұтатын балуаныңыз бар ма?

- Бар және олар өте көп. Бірақ бәріне ортақ қасиет, жігерлік танытып соңына дейін күресуі. Осы қасиеттері ұнайды.

- Бұл спорт түріне қызығуыңыздың себебі неде?

- Басында балалық қызығушылық болды. Ал қазір менің болашақ азығым екенін түсіндім.

- Қазақ балуандарының ұзақ уақыттан бері Олимпиада чемпионы атана алмай келе жатқанына не себеп деп ойлайсыз? Соңғы рет грек-рим күресі бойынша Юрий Мельниченко 1996 жылы Олимпиада чемпионы атаныпты.

- Бізде балуандарға жағдай жасалмаған. АҚШ, Әзірбайжан мен Ресей елдерінде күреспен айналысу үшен еш кедергі жоқ. Соларға қарап, қызығамыз. Тіпті, Бразилиядағы жастар арасындағы Әлем біріншілігіне барарда бізге Ұлттық құраманың киімін де берген жоқ. Басқасын айтудың өзі артық.

- Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңызға рақмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или