Астанада «Елорда кубогы» турнирі өтеді

Астанада «Елорда кубогы» турнирі өтеді

Бокстан Қазақстан құрамасының бапкері Мырзағали Айтжанов 26 маусым мен 2 шілде аралығында Астанада өтетін «Елорд кубогы» турнирі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«12-26 маусым аралығында Астанада оқу-жаттығу жиыны өтеді. Қазақстан құрамасының мүшелері осында Елорда кубогына дайындалу үшін жиналды. Бұл турнир боксшыларымыз үшін Азия ойындары алдындағы іріктеу турнирі деуге болады. Осы турнирмен қатар Еуропа ойындары өтеді, сондықтан көп команда келе алмайды, бірақ бізге жақын елдерден Өзбекстан, Тәжікстан, Таиланд, Жапония боксшылары келеді. Бұл турнир жыл сайын өтеді және біз үлкен сындар алдында боксшыларымызды тексереміз», - деді Айтжанов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или