Рыбакина Берлиндегі турнирді сәтті бастады

Рыбакина Берлиндегі турнирді сәтті бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлинде (Германия) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz .

Қазақстандық үшін бұл ауыр сырқаттан кейінгі бірінші матч, осыған байланысты ол Францияның ашық чемпионатынан бас тартуға шешім қабылдады.

Елена бірінші айналымда ресейлік Полина Кудерметовамен (WTA рейтингінде 139-орын) кездесіп, оны 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 6 минутқа созылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или