Ильяр Асханов Бахрейнде Brave CF турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Ильяр «Динамит» Асханов (12-4) Бахрейнде танымал Brave CF лигасының турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде Асханов украиналық Омар Соломановпен (11-2) кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, Соломанов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық файтер карьерасында 5-рет жеңіліп отыр. Ал украиналық спортшы 12-мәрте жеңіске жетіп, енді лиганың жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық титулына таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или