Бублик Германиядағы турнирде әлемнің 15-ші ракеткасымен кездеседі

Бублик Германиядағы турнирде әлемнің 15-ші ракеткасымен кездеседі

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (ATP рейтингінде 47-ші) Германияның Галле қаласында өтіп жатқан Terra Wortmann Open турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисшінің турнирдегі алғашқы қарсыласы Хорватия спортшысы Борна Корич (әлемнің 15-ші ракеткасы) болмақ. Олардың кездесуі 19 маусым күні Астана уақытымен 14:00-де өтеді. Бұл ретте Бублик пен Корич жұптық турнирде де бірге өнер көрсетеді – 20 маусым күні Астана уақытымен сағат 15:00-де итальяндық Симоне Болелли – Андреа Вавассори дуэті ойнайды.

Айта кетейік, қазақстандық пен хорват арасындағы кездесу шөпті турнирдің 1/16 финалы кезеңінде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или