«Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі: Қазақстан қоржынына екі қола медаль түсті

«Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі: Қазақстан қоржынына екі қола медаль түсті

Дзюдодан Астанда өтіп жатқан «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирінде Данияр Шамшаев пен Асқар Нарқұлов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

73 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жекте екі қазақстандық спортшы кездесіп, Данияр Шамшаев отандасы Жансай Смағұловты жеңді.

Тағы бір қазақстандық спортшы Асқар Нарқұлов дәл осы салмақта қола жүлде үшін белдесуде грузиялық Джорджи Терашвилимен кездесті. Бұл жекпе-жекте грузиялық спортшы қателік жасап, жарыстан шеттетілді. Осылайша жеңіс Асқар Нарқұловқа берілді.

Екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или