Нұрслан Сабыров Ташкенттегі бокс кешінде жеңілді

Қазақстандық боксшы Нұрслан Сабиров Ташкентте (Өзбекстан) өткен кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандықтың рингтегі қарсыласы өзбек боксшысы Миразизбек Мирзахалилов болды. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті. Ол Мирзахалиловтың төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңісімен аяқталды.
Осылайша өзбек боксшысы WBA Asia South чемпиондық белбеуіне ие болды.