Қазақстан, Ресей және Иран бірлескен ОЖЖ өткізуде

Қазақстанның жастар құрама командасы Дағыстанның Хасавюрт қаласында Ресей мен Иран құрама командаларының бірлескен оқу-жаттығу жиындарына қатысуда, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Дайындық барысында жас өрендер арасында халықаралық кездесулер өткізіліп, шараға Ресей Таеквондо Одағының президенті Анатолий Терехов, Дагестан Республикасының спорт министрі Магомед Магомедов, Хасавюрт қаласының басшысы Сайгидпаша Умаханов сынды беделді азаматтар қатысты. Құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Қазақстан тарапы бұл жиындарға құр қол барған жоқ.

Жастар құрама командамыздың аға жаттықтырушысы Бақытжан Райбеков Қазақстан Таеквондо (WTF) Федерациясы дайындаған арнайы сыйлықтарды қонақтарға салтанатты түрде табыс етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или