Дариға Шәкімова - екі дүркін Азия чемпионы!

Қытайдың Уланчаб қаласында өткен әйелдер боксынан Азия чемпионатында Дариға Шәкімова топ жарды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

75 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға көтерілген спортшы қызымыз жергілікті боксшы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ли Цянмен кездесіп, оны 3:0 есебімен жеңді. Бұл Дариғаның спорт өміріндегі сары құрлықтың екінші чемпион атағы. Бұрын ол 2010 жылы 69 келі салмақта осындай атаққа қол жеткізді.

Азия чемпионатының қола жүлдегерлер ретінде Гаухар Ермекбай (69 кг), Мөлдир Базарбаева (81 кг) және Ляззат Күнгейбаева (+81 кг) атанды.

confederation.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или