Ел намысын Нұрсұлтан Мамаев қана қорғайды

Таеквондодан бірінші Гран-при сериясында бақ сынайтын саңылақтар тізімі жарияланды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Олимпиада мен әлем чемпионатынан кейінгі ең беделді жарыстың алғашқы кезеңі Мәскеу қаласында 14-16 тамыз аралығында өтеді. Өкінішке орай, Бүкіләлемдік Таеквондо Федерациясы (WTF) жариялаған тізімде жалғыз ғана қандасымыз болып шықты. Ол 2014 жылдың үздік қазақ таеквондошысы, соңғы жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысына айнала білген Нұрсұлтан Мамай.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын үш Гран-при сериясы, сондай-ақ осы байрақты доданың финалы өткізіледі. Бұл беделді жарыста маңызды рейтінгілік ұпай санын жинап, әлемдік тізімдегі үздік 32 саңылақ қатарына кірген ең тәжірибелі спортшылар қатыса алады. Нұрсұлтан Мамай бұл тізімде 58 келі салмақ дәрежесіне дейін 23-шы орында. Қандасымыз Рио-2016 ойындарына қатысуға бірден-бір үміткер. Олимпиада лицензиялары бұл кез-келген Федерация мен кәсіпқой спортшының басты мақсаты екені айдан анық.

Мәскеу қаласына Нұрсұлтан Мамай Пекин Олимпиадасының жүлдегері, Қазақстан Таеквондо Федерациясының спорт директоры Арман Чилмановтың жетекшілігінде аттанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или