«Алқасын жұлып алған»: бейтаныс адам танымал боксшының анасын соққыға жыққан
<span>Қазақстандық кәсіби боксшы Фируза Шәріпованың анасына шабуыл жасалған, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.</span>
<span>Бұл туралы боксшының өзі мәлімдеді. Оқиға 2023 жылы 13 маусым күні Тараз қаласында болған. Белгісіз біреу танымал спортшының анасына тонау мақсатымен шабуыл жасады.</span>
<span>«Жаттығудан келген соң, анам телефон шалды. Мені уайымдатқысы келмесе де, жағдайдың қалай болғанын баяндады. Сейсенбі күні таңертең анам мен сіңлім аулада жүрген. Сол кезде бейтаныс ер адам анамды соққыға жығып, мойнындағы алқасын жұлып алған. Содан соң сіңлімді пышақтаймын деп қорқытқан. Менің отбасым полицияға хабарласты. Олар қылмыскерді тауып, алқаны қайтарды. Енді оны сот күтеді. Анамның жағдайы қазір жақсы, бірақ одан алыста жүргенім үшін өкінемін», - деді боксшы. </span>
<span>Қазіргі таңда Фируза Шәріпова Ресейде жаттығып жатыр.</span>