«Астананың» колумбиялық шабандозы «Швейцария турының» бесінші кезеңінде 14-орын алды

«Астананың» колумбиялық шабандозы «Швейцария турының» бесінші кезеңінде 14-орын алды

Ұзындығы 152,5 шақырым құрайтын тас жолдағы «Швейцария туры» көпкүндік веложарысының бесінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңнің жеңімпазы UAE Team Emirates командасының испаниялық шабандозы Хуан Аюсо атанды. Екінші орынды Trek - Segafredo шабандозы Маттиас Скельмосе Йенсен алды. Үшінші орындаBahrain - Victorious командасынан Пелло Бильбао иеленді.

«Астананың» колумбиялық шабандозы Гарольд Техада мәреге 14-болып жетті.

Швейцария туры. Бесінші кезең. Фиш - Ла Пунт (211 км)

1. Хуан Аюсо (UAE Team Emirates) - 5:23:01
2. Маттиас Скельмосе Йенсен (Trek - Segafredo) +0:54
3. Пелло Бильбао (Bahrain - Victorious) +,,
...14. Харольд Техада (Астана) +2:17

Жалпы есеп:

1. Маттиас Скельмосе Йенсен (Trek - Segafredo) - 16:43:41
2. Феликс Галль (AG2R Citroën Team) +0:08
3. Хуан Аюсо (UAE Team Emirates) +0:18
...11. Харольд Техада (Астана) +3:48

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или