Месси карьерасындағы ең жылдам голды соқты

Месси карьерасындағы ең жылдам голды соқты

Аргентиналық футболшы Лионель Месси Аустралияға қарсы жолдастық кездесуде карьерасындағы ең жылдам голды соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Месси ойын басталған соң 1 минут 19 секундтан кейін қанжығасын майлады. Бұған дейін ең жылдам голын 2017/18 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында лондондық «Челси» қақпасына соққан, ол кезде 2 минут 7 секунд қажет болған еді.

Енді Криштиану Роналду мен Златан Ибрагимовичтің жетістігін қайталау үшін оған бірінші минутта гол салу керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или