Суда жүзуден VI жазғы Спартакиадасы: Алматы қаласы көш бастап келеді

Суда жүзуден VI жазғы Спартакиадасы: Алматы қаласы көш бастап келеді

Талдықорған қаласында суда жүзуден ҚР VI жазғы Спартакиадасының екінші жарыс күні аяқталды. Сайысқа 12 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 170-тен аса спортшы қатысуда. Екінші жарыс күнінен кейін Алматы қаласының құрамасы медальдар есебі бойынша көш басындағы орнын сақтап қалды (5 алтын, 7 күміс, 10 қола). Елордалық жүзгіштер екінші орында (5 алтын, 3 күміс, 2 қола). Үздік үштікті Ақтөбе облысы түйіндеп тұр (5 алтын, 2 күміс, 3 қола). Спартакиада 16 маусымда аяқталады. Оның қорытындысы бойынша шілде айының 14-30 аралығында Жапонияның Фукуока қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама жасақталады. Екінші жарыс күнінің нәтижелері:   

50 м шалқалап жүзу (Ерлер):

1 орын – Глеб Коваленя (Ақтөбе облысы)

2 орын – Егор Попов (Алматы)

3 орын – Владислав Глухов (Алматы)

50 м шалқалап жүзу (Әйелдер):

1 орын – София Абубакирова (Ақтөбе облысы)

2 орын – Анастасия Резванцева (Алматы)

3 орын – Виктория Гладких (Алматы)

200 м баттерфляй (Ерлер):

1 орын – Әділбек Мусин (Астана)

2 орын – Артем Шевченко (Шымкент)

3 орын – Денис Георгица (Қарағанды облысы)

200 м баттерфляй (Әйелдер):

1 орын – Диана Тасжанова (Ақтөбе облысы)

2 орын – Айжан Туребаева (Астана)

3 орын – Арина Олифирович (Павлодар облысы)

100 м брасс (Ерлер):

1 орын – Арсен Қожахметов (Астана)

2 орын – Нұрдәулет Жұмағали (Жамбыл облысы)

3 орын – Константин Корольков (Ақтөбе облысы)

100 м брасс (Әйелдер):

1 орын – Анастасия Евстафьева (Қостанай облысы)

2 орын – Диана Маринина (Астана)

3 орын – Елизавета Владимирова (Ақтөбе облысы)

1500 м еркін стиль (Ерлер):

1 орын – Даниил Андросов (БҚО)

2 орын – Лев Черепанов (Алматы)

3 орын – Сұлтанбек Азат (Алматы)

800 м еркін стиль (Әйелдер):

1 орын – Мария Федотова (Ақтөбе облысы)

2 орын – Дарья Пушко (Шымкент)

3 орын – Лина Абдразакова (Алматы)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или