ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы зорлады деген күдікке ілінді

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы зорлады деген күдікке ілінді

Бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Қостанай облысының полициясы хабарлады. Арызды Сапабек Мұқышевтің 20 жастағы өгей қызы жазған. Ол былтыр 16 қарашада құқық қорғау органдарына жүгінген, бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды. Аталған факті бойынша бірден 2 бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды: «Зорлау» және «Бірнеше рет зорлау».

– Тергеу аясында бірқатар сот-медициналық сараптама жүргізілді, соның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады, зардап шеккен тарап қорғаумен қамтамасыз етілді, - деп хабарлайды Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или