Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді

Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді

Әлем футболының аңызы Лионель Месси 2026 жылғы әлем біріншілігіне қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Катардағы әлем чемпионаты - менің соңғы біріншілігім. Әрі қарай не болатынын көрерміз. Бірақ мен келесі әлем чемпионатында ойнамаймын», - деді Месси.

Айта кетелік, Лионель Месси 2022 жылы Аргентина құрамасы сапында әлем чемпионы атанған. Бұған дейін ол төрт әлем чемпионатында бақ сынады. Өткен маусымды ПСЖ сапында өткізген Месси алдағы уақытта «Интер-Майами» клубында өнер көрсетеді.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика мемлекеттерінде өтпекші. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или