18 жастағы қазақстандық теннисші Тайландтағы турнирді жеңіспен бастады

18 жастағы қазақстандық теннисші Тайландтағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова (WTA рейтингінде 1159-орын) Тайландтың Накхон Си Таммаратта өтіп жатқан Челленджердегі өнерін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің 1/16 финалында 18 жастағы қазақстандық жергілікті теннисші Пиммада Тхонгкуммен (рейтингсіз) кездесіп, оны үш сетте жеңді. Сағандықова бірінші сетте 2:6 есебімен жеңіліп қалды, бірақ кейін екінші және үшінші сетте сенімді ұтты - 6:3, 6:3.

Накхон Си Таммараттағы турнирдің жүлде қоры 15 000 долларды құрайды.

Еске сала кетейік, Аружан Сағандықова бұған дейін Тайландта өткен Челленджерде жартылай финалға дейін жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или