Қазақстанның үздігі әлемнің тоғызыншы ракеткасымен кездеседі

Қазақстанның үздігі әлемнің тоғызыншы ракеткасымен кездеседі

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик (әлемнің 47-ші ракеткасы) Хертогенбос (Нидерланды) қаласындағы турнирді бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дебюттік кездесуінде 1/16 финал кезеңінде Бублик екі сетте бельгиялық спортшы Давид Гоффинді (әлемнің 126-ракеткасы) жеңді - 7:5, 7:5.

Осы жеңісінің арқасында қазақстандық теннисші екінші айналымда ATP рейтингінің тоғызыншы сатысында тұрған итальяндық Янник Синнермен ойнайды. Кездесу 14 маусым күні Астана уақытымен сағат 15:00-де өтеді.

Айта кетейік, 21 жастағы итальяндық «Үлкен дулыға» санатындағы төрт турнирдің барлығында ширек финалға шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или