«Астана» велокомандасы «Швейцария туры» әлемдік турына қатысады

«Астана» велокомандасы «Швейцария туры» әлемдік турына қатысады

Қазақстандық «Астана» велокомандасы «Швейцария туры» әлемдік турына қатысады.

Команда құрамында қазақстандық Алексей Луценко пен Вадим Пронский, Самуэле Баттистелла, италиялық Симоне Веласко, Фабио Феллине, Леонардо Бассо мен колумбиялық Харольд Техада бар.

Көпкүндік 18 маусымда мәресіне жетеді. Жарыс сегіз кезеңге жоспарланған.

Беделді бәсеке 1933 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бұған дейін 2003 жылы Александр Винокуров аталған жарыста бас бәйгені иеленді.

Былтыр «Ineos Grenadiers» клубынан британиялық Герайнт Томас жеңімпаз атанды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или