Александр Бублик Нидерландыдағы турнирде жеңіліп қалды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Хертогенбос қаласында (Нидерланды) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жұптық сынында екінші айналымға шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз америкалық теннисші Маккензи Макдональдпен бірге нидерландылық Таллон Грикспур/Робин Хасе жұбынан жеңіліп қалды. Кездесу 7:6, 3:6, 9:11 есебімен аяқталды.
Кездесу 1 сағат 20 минутқа созылды.
Айта кетейік, жаңарған ATP рейтингінде Александр Бублик 47-ші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или