Қазақстанның кішкентай теннисшілері Азия чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды

Қазақстанның кішкентай теннисшілері Азия чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды
Түркменстан астанасы Ашхабад қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында ITF Asia 12&U Team Championships чемпионатының Орталық Азия бойынша іріктеу сайыстары аяқталды.

Қазақстандық ұлдар мен қыздар теңдессіз өнер көрсетті.

Командалық сайыста ел намысын мына ойыншылар қорғады:

Ұлдар:

  • Ахмәди Мақанов (Ақтөбе),
  • Нұрдәулет Балқан (Ақтау),
  • Арнұр Тұрсынхан.

Капитаны – Антон Михайлов.

Қыздар:

  • Ясмин Дүйсембаева (Екібастұз),
  • Әмина Нұрмахан (Алматы),
  • Нұрай Байсейіт.

Капитаны – Евгения Сушкова.

Қазақстандық қыздар Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан құрамаларымен төрт кездесу өткізіп, бәрінде де қарсыластарына бірде-бір сет бермей, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

 

Ұлдар да Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан және Ауғанстан командаларын сондай есеппен қапы қалдырды – 3:0.

Осылайша, Қазақстан қыздар және ұлдар құрамасы биыл күзде 12 жасқа дейінгілер арасында Алматыда өтетін Азия командалық чемпионатына жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или