«Қолғап болмады». Қазақстандық бапкер 90-жылдардағы қатал ММА, 82-0 рекорды және Мақсұммен танысуы туралы

«Қолғап болмады». Қазақстандық бапкер 90-жылдардағы қатал ММА, 82-0 рекорды және Мақсұммен танысуы туралы

15 шілдеде Лас-Вегаста жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Азат Мақсұм (16-0) UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізеді, оның қарсыласы тәжірибелі америкалық Тайсон Нэм (21-13-1) болады.

«Қазақтың» карьерасындағы ең маңызды жекпе-жегі алдында Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында файтердің бапкері, белгілі қазақстандық ММА маманы Дәнеш Дүнгебаев 90-жылдардағы өнері, 82-0 рекорды және шәкіртінің әлемдегі ең үздік лигадағы жекпе-жегі тұралы пікір білдірді.

– Дәнеш, Азат Мақсұм сіздің залыңызға алғаш келген кезде неше жаста еді, сол кез есіңізде ме?

– Иә, ол менің залыма келген күн есімде. Ол 19 жаста еді.

– Бұл жігіт туралы алғашқы пікіріңіз қандай болды, Мақсұмның жоғары әлеуеті бірден байқалды ма?

– Мен Азатты бірден байқадым. Оған дейін еркін күреспен айналысқандықтан, жақсы күресетін.

- Жақында Мақсұм UFC-дегі алғашқы кездесуін өткізеді. Жаттығу жиыны қалай өтті және оның бұрынғы жиындардан айырмашылығы қандай болды?

- Біз OCTAGON лигасының президенті Нұраддин Садықовпен жиынның барлық егжей-тегжейлерін алдын ала келісіп алдық және бәрі ойдағыдай өтті. Бұл жиында бізге тәжірибелі файтер Қайрат Ахметов, сондай-ақ Triumph Fights командасы көмектесті.

- Кез келген спортшы карьерасында жаңа деңгейге көтерілуіне және әлемдегі ең үздік лигадағы дебютіне байланысты уайымдайды. Азат психологиялық тұрғыдан қаншалықты тұрақты файтер?

- Кез келген спортшы әрбір жаңа жекпе-жек алдында толқыйды. Негізінде Азат бұл жекпе-жекке психологиялық тұрғыдан дайындалған, біз оған көмектесіп жатырмыз.

- Маңызды жекпе-жек алдында түлегіңізге қобалжуды жеңу үшін қандай әдістерді қолданасыз?

– Біз бұл туралы көп сөйлесеміз. Мен оған тәжірибелі бапкер ретінде жақсы нұсқаулар беремін. Менің ойымша, ол толқу мен уайымды жеңе алады.

- Бірінші жекпе-жек тәжірибелі Тайсон Нэмге қарсы болады. Азатқа бұл жекпе-жекте жеңіске жету стратегиясы қандай деп ойлайсыз?

- Біз Тайсон Нэмнің барлық жекпе-жектерін қарап шықтық және оның қателіктерін ескере отырып, белгілі бір жұмыс стратегиясын әзірледік. Біз күреске көп көңіл бөлеміз.

– Сіз жеңіліп көрмеген файтер болдыңыз және 82-0 рекордыңыз бар. Бұл туралы толығырақ айтып бере аласыз ба? Бұл қандай жекпе-жектерден және турнирлерден тұрды?

– Біздің кезімізде ереже басқаша болатын. Қолғап болмады, бір раунд 30 минут, одан кейін 15 минуттан 2 раунд болды. Чемпион болу үшін күніне 4 жекпе-жек өткізуге тырыстық. Турнирлер болды – Қазақстан чемпионаты, Азия және Еуразия чемпионаты.

– Қиын 90-жылдары жекпе-жек өткізкге не түрткі болды?

– Бала кезімнен еркін күреспен айналыстым, бірақ нәтиже болмады. Осы кезде турнирлер басталып, өзімді сынап көрейін деп шештім және осындай жетістікке қол жеткіздім.

– Оққағарлармен жиі төбелесуге тура келгені рас па?

– Иә, ондай жағдайлар болды.

– Ол кездегі деңгей мен аралас жекпе-жектің өзі мүлде басқа болғаны анық. Егер сіз қазір өнер көрсеткен болсаңыз, қандай лигаларда бәсекелесе алар едіңіз, қалай ойлайсыз?

- Білмеймін. Әркімнің өз уақыты бар, менің ойымша, қазір әлемде жақсы файтерлер өте көп. Менде жеңілістер болуы дп мүмкін еді. Болжау мүмкін емес.

– Сіздің залда қазақстандық Аян Тұрсын жаттығады. Ол сіздің залыңызға келгенше оның жолы қандай болды?

– Аян Тұрсынды бұрыннан білемін. Ол маған дейін әуесқой ММА-де жақсы нәтиже көрсеткен. Оның менімен жұмыс істегеніне алты ай болды. Аянға біздің клуб, менің жаттығуларым ұнады, сондықтан бапкерінің рұқсатын алып, бізбен бірге жаттығады.

– Тұрсынның ММА-дегі болашағы қандай деп ойлайсыз? Әлемнің ең үздік лигасы - UFC-де өнер көрсетуге жеткілікті ме?

– Ол өте еңбекқор, жауапты және ұқыпты. Менің ойымша, ол осындай табандылықпен UFC-ді бағындырады!

– Жақында жеңіліп көрмеген тағы бір шәкіртіңіз Дамир Төленов OCTAGON лигасының чемпиондық белбеуінен бас тартты. «Қазақ Сехудосы» әлемнің ең үздік ММА-лигаларын бағындыруға дайын ба?

- Менің клубымның ең үздік файтерлерінің бірі - Дамир. Оның жаттығуда да, жекпе-жектерде де өзіндік ерекшеліктері бар. UFC-ге келетін болсақ, бұл біздің қазіргі басты мақсатымыз.

– Қазақстандық файтерлерден тағы кімдерді ерекше атар едіңіз?

– Ешкімді ерекше атай алмаймын. Қазір Қазақстанда ММА өте жақсы дамып келеді. Жақын арада біздің спортшылар әлемнің ең үздік лигаларын бағындырады деп ойлаймын!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или