«Лион» Боатенгтің кеткенін хабарлады
Неміс қорғаушысы Жером Боатенг франциялық «Лион» сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
34 жастағы футболшының командамен келісімшарты аяқталды.
«Рақмет, Жером. Болашақ карьераңда сәттілік тілейміз», - делінген клуб хабарламасында.
Боатенг «Лионда» 2021 жылдан бері ойнап келеді. Transfermarkt порталы ойыншыны 1 миллион еуроға бағалап отыр.
Франция чемпионатының өткен маусымында тәжірибелі футболшы сегіз ойын өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түскен жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или