Халықаралық Олимпиада комитеті әлемдік бокс ұйымының тағдырын шешетін жиын өткізеді

Халықаралық Олимпиада комитеті әлемдік бокс ұйымының тағдырын шешетін жиын өткізеді

Халықаралық Олимпиада комитетінің Атқарушы комитеті Халықаралық бокс федерациясын мойындамауды сұрады.

Аталған мәселені шешуге арналған ХОК-тың кезектен тыс сессиясы 22 маусымда өтеді. Осы орайда, ХОК боксты 2024 жылғы Олимпиада ойындарында сақтап қалуға риетті.

- IBA 2021 жылдың 9 желтоқсанында көрсетілген талаптарды орындаған жоқ,- делінген хабарламада.

Айта кетелік, 2019 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті Халықаралық бокс федерациясын мәртебесінен айырған болатын.

Бұған ұйымдағы қаржылық және басқарушылық дағдарыстар себеп. Ұйымды шеттетуіне байланысты 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы бокс бәсекесін ұйымдастыруды ХОК өз мойнына алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или