Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Тайлерде (АҚШ) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз екінші айналымда аустралиялық Марк Полмансты үш сетте – 2:6, 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
Кездесу 2 сағат 17 минутқа созылды.
Келесі айналымда Михаил жапониялық Юта Шимизумен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или