ҚФФ азаматтығын ауыстырғаны үшін Александр Зуевке ақша төлемеген

ҚФФ азаматтығын ауыстырғаны үшін Александр Зуевке ақша төлемеген

Қазақстан футбол федерациясы «Крылья Советов» клубының жартылай қорғаушысы Александр Зуевтің азаматтығын ауыстыруды қаржыландырмады және оның өкілдеріне ақша төлеген жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірнеше жыл бұрын Зуевтің өкілдері федерацияның бұрынғы басшылығымен азаматтықты ауыстыру мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды. Содан агенттер ҚФФ-дан шамамен үш жүз мың доллар сұрады.

Өткен жылы Александр Зуев қазақстандық төлқұжатты қайтарып, Қазақстан құрамасында ойнағысы келетінін өз бетінше білдірді. Ағымдағы жылдың маусым айында футболшы Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын алып, Сан-Марино және Солтүстік Ирландия құрамаларына қарсы матчтарға шақырылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или