Махмұд Сабырхан қандай олимпиадалық салмаққа көшетінін мәлімдеді

Махмұд Сабырхан қандай олимпиадалық салмаққа көшетінін мәлімдеді

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның қазіргі салмақ дәрежесі Олимпиада бағдарламасында жоқ. Осыған орай, боксшы қандай салмаққа көшетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ағайларымызбен ақылдасып жатырмыз. 51 келіде Санжар мен Сәкен бар. Алла қаласа, 57 келіні ойлап жатырмыз. Бұл салмақта бірінші нөмір Серік Теміржанов. Оның да арманы Олимпиада чемпионы болу. Бұйырса, көреміз», - деді Махмұд Сабырхан.

Махмұд Сабырхан сынға түсетін 54 келі салмақ дәрежесі Олимпиада бағдарламасына енбеген. Боксшыға Париж Олимпиадасына қатысу үшін 51 келіге немесе 57 келіге өту керек.

Айта кетелік, Махмұд Сабырхан Ташкенттегі әлем чемпионатының финалында өзбек боксшысы Ойбек Жураевты нокдаунмен ұтты. Кейін сұхбат берген спортшы досының кегін қайтару үшін өзбекстандық боксшымен кездесуді мақсат еткенін жасырмай айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или