Дарабаев ұлттық құраманың маусымдағы ойындарына қатыса алмайды

Дарабаев ұлттық құраманың маусымдағы ойындарына қатыса алмайды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев ұлттық құраманың маусым айындағы ойындарына қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап. 

Дарабаев Қазақстан құрамасына шақырту алған, алайда жарақатына байланысты ұлттық құрамаға көмектесе алмайды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 8 маусымда Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастайды.

Бас командамыз 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында 16 маусымда Сан-Мариномен, 19 маусымда Солтүстік Ирландиямен кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или