Алматы ортасына «Универсиада-2017» символы орнатылды

Алматының ортасында 2017 жылы өтетін Универсиада ойындарының символы орнатылды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қанаты қомданған сұңқардың мүсіні әл-Фараби мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында бой көтерді. Бұл туралы қалалық Табиғат және табиғи ресурстарды пайдалану басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Басқармадан мәлімдегендей, бұл мүсін қалада биыл орнатылған 9-шы композиция екен.

Биіктігі 3 метр болатын декоративті композиция маңындағы үлкен гүлзарда "Универсиада - 2017" жазуы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде бедерленген.

Сондай-ақ, Розыбакиев пен әл-Фараби көшелерінің қиылысында "Лилия" вертикалды гүл композициясын орнату жұмыстары аяқталды. Алып метал гүлдің биіктігі 8 метрге дейін жетті. Оған қарама-қарсы "Құйын" композициясы орналасқан.

today.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или