Қазақстандық спортшы Бішкектегі рейтингтік турнирде топ жарды
Бүгін Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте Қожамқұл Қабаұлы және Ратбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнир басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық құрама спортшылары доданың алғашқы күні 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.
Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы Марлан Мұқашев финалда өзбекстандық Ихтиор Ботировты жеңіп(4-2), жеңімпаз атанды.
Осы салмақта қола медаль үшін таласта тағы бір отандық балуан Ерсін Абыйыр үндістандық балуаннан жеңілді. Ал Аманғали Бекболатов тағы бір өзбекстандық Жасурбек Ортикбоевтан айласын асырып, қолаға қол жеткізді.
Осыдан кейін Нұрсұлтан Базарбаев (60 келі) финалда өзбекстандық Исломжон Бахрамовтан жеңіліп, турнирдің күміс жүлдесіне ие болды. Ал Ернар Фидахметов жарыс қожайыны Балбай Дордоковты жеңіп, қоланы қанағат тұтты.
Өкінішке қарай, 87 кг дейінгі салмақта Нұрсұлтан Тұрсынов қола медаль алса, Азамат Құстубаев болса түркиялық Әли Чингизге есе жіберді.
Турнир 4 маусым күні аяқталады.