Қаақстандық таеквондошы ӘЧ ширек финалында жеңілді

Қаақстандық таеквондошы ӘЧ ширек финалында жеңілді

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан таеквондодан 26-шы әлем чемпионының 3-жарыс күні мәресіне жетті. Жарыс жолына Ұлттық құрама сапынан Нұрлан Мырзабаев (80 кг), Смайыл Дүйсебай (87 кг) мен Ботакөз Қапанова (49) шықты.

Алғаш болып даянгқа шыққан Нұрлан Мырзабаев (80 кг) ирландиялық Райан Дойлды айқын басымдықпен ұтқан. Алайда 2-айналымда аса тартысты айқаста Матей Николичке 1-2 есебімен есе жіберді. Матей осымен 2-рет қазақстандық таеквондошыдан басым түсіп отыр. Хорватиялық 2019 жылы Бекжан Нұснәліммен кездесіп, айласын асырған.

Бүгін Ұлттық құрама қоржынына жүлде салатын жақсы мүмкіндік Ботакөз Қапановада болды. Отандасымыз (49) алғашқы жекпе-жегінде румыниялық Николета Клаудия Баджанды, сосын канадалық Вивиан Транквиль мен жарыс қожайыны Фатима Абакарованы айқын басымдықпен ұтты. Өкінішке қарай, ширек финалда қазіргі Еуропа чемпионы түркиялық Мерве Динчелге жол беріп, жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или