Абылайхан Құсайынов қатысатын бокс кешінің тікелей трансляциясы
1 маусымда Мәскеуде Ресей бокс федерациясының қолдауымен «Русь» промоутерлік компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы жеңіліп көрмеген екі боксшы: ресейлік Артур Субханкулов пен қазақстандық Аблайхан Құсайынов кездеседі. Кездесу 10 раундтқа жоспарланған.
Айта кетейік, Аблайхан Құсайынов бұған дейінгі жекпе-жегін былтыр желтоқсан айында Алматыда өткізіп, тәжікстандық Бахтовар Сагизовты мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Жекпе-жектің тікелей трансляциясын «Матч ТВ» арнасынан көре аласыздар. Бокс кеші Астана уақытымен 21:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или