Қазақ теннисшілері Тайландтағы турнирді сенсациялық жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисшілер Арсланбек Айтқұлов пен Ислам Орынбасар жұптық сайыста Накхон Си Таммараттағы (Тайланд) турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда Айтқұлов пен Орынбасар Абхинав Санжеев Шанмугам (Үндістан)/Банг Шо Ин (Тайвань) дуэтімен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті – 6:4, 7:6. Айта кетейік, бұл текетірес алдында қазақстандықтардың қарсыластары айқын фаворит саналды.
Ширек финалда Арсланбек Айтқұлов пен Ислам Орынбасар тайлық Максимус Джонс пен Тантуб Суксумранмен ойнайды.
Тағы бір айта кетерлігі, Орынбасар АТР жұптық рейтингінде 2028-орында ғана болса, Айтқұлов мүлде жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или